Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Дәрігер дезтоннелдер мен кілемшелерді орнатуға қарсы

"Қытайда да дезинфекциялық тоннелдер мен басқа да ұқсас жабдықтар вирустың таралуын азайтуға көмектесетін құрал ретінде пайдаланылды", –  деді комитет басшысы.

Дәрігер дезтоннелдер мен кілемшелерді орнатуға қарсы
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығын қоғамдық орындарда дезинфекциялық тоннелдер мен кілемшелерді пайдаланбауға шақырды, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Дмитрий Киреев өзінің Instagram-дағы парақшасында бейнехабарлама жариялады. Онда ол қоғамдық орындарда қолданылатын COVID-19-бен күресудің кейбір әдістерін сынға алды. Оның пікірінше, дезтоннелдер мен кілемшелерді орнату - қауіпті. 

Дәрігер Киреев шамадан тыс дезинфекция тері шырышты қабығының тітіркенуін тудыруы мүмкін екенін атады. Сол себепті, мұндай туннельдерден өткен науқас адамдар басқаларға жұқтыруды жалғастыра береді. 

Киреевтің осы мәлімдемесіне орай ДСМ жанындағы санэпидбақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев түсініктеме берді. 

"Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысында дезинфекциялық тоннелдерді орнатуға қатысты талаптар жоқ", – деді Байтанаев. 

Әрі ол дезинфекциялық кілемшелерді орнату аса қауіпті ауруларға қарсы күрес бойынша санитарлық-профилактикалық және санитарлық-ветеринарлық шара ретінде кеңінен қолданылатынын түсіндірді.

 "Дезинфекцияның екі түрі де вирусты таратпайды. Тек адамдар арасындағы байланыспен таралады. Қытайда да дезинфекциялық тоннелдер мен басқа да жабдықтар вирустың таралуын азайтуға пайдаланылды.", – деді комитет басшысы.