Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әлеуметтік желілерде алаяқтық көбейді

Қазақстанда желі арқылы қазақстандықтарды алдап, ақшасын жымқыратын алаяқтар өте көп. Алаяқтардың түрлі тәсілі бар, олардан алданып, ақшасынан айырылған қазақстандықтар аз емес.

Әлеуметтік желілерде алаяқтық көбейді
Сурет zakon.kz сайтынан

Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша  WhatsApp-тан жазып, қарыз сұрайтындар көбейген.

«Желі қолданушыларының жазуына қарағанда, WhatsApp мессенджерін пайдалатын алаяқтар пайда болған. Олар белгілі бір адамның атын жамылып, WhatsApp-тан сол адамның таныстарына жазады. Алаяқ мессенджерде жаңа аккаунтқа бір адамның суреттерін сақтап, сипаттамасына аты-жөнін жазып қояды. Сөйтіп, сол адамның таныстарына жазып, қарызға ақша сұрайды екен», деп жазды агенттік.

Алаяқтардың мұндай тәсілінен алданып қалғандар бар екен. Қаскөйлер ізін жасыру үшін өз картасын пайдаланбайды. Олар кейін алданғанын біліп, ақша аударылған картаның нөміріне хабарласқан. Бірақ карта иесі де алданған болып шыққан. Себебі алаяқ түрлі сылтаумен көшедегі адамдардың бірінен картасын сұрап алып, сонда ақшаны аудартып, шешіп алады.