Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Мен бұл пікірмен келіспеймін": Аймағамбетов ұстаздар туралы айтты

Бұл мәселе оқу орындарының бюджетіне араласу болмайтынын, керісінше, ұстаздардың еңбегі еленуі керектігін айтты. 

"Мен бұл пікірмен келіспеймін": Аймағамбетов ұстаздар туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындары ұстаздарының жалақыларын арттыру мәселесін қозғады, деп хабарлады paryz.kz.

Сапалы маман даярлауда жоғарғы оқу орыны мұғалімдерінің айырықша мәртебеге ие екенін хабарлаған министр, олардың жалақысын көтеру керектігін айтты.  

"2019 жылдың қыркүйек айында ректорларға жалақыны ішкі резервтер мен әкімшілік шығындарды қысқарту есебінен 25%-ға арттыру туралы тапсырма берген болатынмын. Ал биыл президенттің қолдауымен бюджеттен қаржы бөлінді. Соған сәйкес, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім беру грантының құны артып, оқытушылардың еңбекақысын көбейтуге мүмкіндік берді", - дейді Аймағамбетов. 

Сондай-ақ бұл мәселеде оқу орындарының бюджетіне араласу болмайтынын, керісінше, ұстаздардың еңбегі еленуі керектігін айтты. 

"1 қыркүйектен бастап орта есеппен ұлттық жоғары оқу орындарында жалақы көлемі 28%-ға, ал мемлекеттік жоғары оқу орындарында – 20%-ға өсті. Әрине, біз мұнымен ғана шектелмей, осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз. Осы ретте министрлік бір жағынан жоғары оқу орындарына қаржылық дербестік беріп, екінші жағынан олардың ішкі жұмыстарына араласып отыр деген сыни пікірлерді де естимін. Мен бұл пікірмен келіспеймін" , - деді министр.