Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Есірткіге қатысты сұраққа Қайрат Нұртастың өзі емес, өкілі жауап берді

"Мен өзімді ақтамаймын, синтетикалық есірткіні қолданғанымды мойындаймын. Бірақ оны тасымалдаумен айналысқан жоқпын"...

Есірткіге қатысты сұраққа Қайрат Нұртастың өзі емес, өкілі жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Еске сала кетсек, біз есірткіге байланысты Қайрат Нұртастың аты аталған жазба пайда болғанын жазған едік. Ал сол материалды көшіріп басқан kznews.kz тілшіcі әншінің ресми өкілінен оның есірткі тұтынатын-тұтынбайтынын сұрап біліпті, деп жазды paryz.kz

Мысалы, өзін Гаухар Мұса деп таныстырған қыз "Мен өзімді ақтамаймын, синтетикалық есірткіні қолданғанымды мойындаймын. Бірақ оны тасымалдаумен айналысқан жоқпын. Мен әншілер Қайрат Нұртас, Арғын Аусаров (Argonya), Амантай Әбеновтің (Әбеке) өтініші бойынша алдым" деген хат жазған болатын.

Тағы оқи отырыңыз: Қайрат Нұртастарға есірткі тасыған қыз бар шындықты хатқа түсірді

Ал Қайрат Нұртастың өкілі тілші сұрағына берген жауабын "Бұл - кезекті өтірік, әлеуметтік желідегі адамдардың өзіне рейтинг жинауы үшін қолдан жасалған жалған ақпарат" деп қысқа қайырған.