Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

БҚО әкімі орынбасарының жүргізушісі қызметтік көлікпен мал ұрлаған

"Ұсталғандар 30, 31, 32 және 39 жаста. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

БҚО әкімі орынбасарының жүргізушісі қызметтік көлікпен мал ұрлаған
Фото: Ақжайық

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жүргізушісіне қызметтік көлікті мал ұрлығы үшін пайдаланды деген айып тағылды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтық басылымның редакциясына облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаевтың жүргізушісі мал ұрлығы үшін қызметтік көлікті пайдаланғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Ол ұрланған малды Алғабас ауылынан Орал қаласына тасымалдау кезінде жол полициясынан кедергісіз өту үшін облыс әкімдігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі 004 RK 07 болатын Toyota Camry-50 қызметтік көлігін пайдаланды", – делінген хабарламада.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Скотокрад" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Орал қаласының төрт тұрғыны ұсталды. Олар жайылымнан шаруа қожалығының иесіне тиесілі малды ұрлап кеткен.

"Ұсталғандар 30, 31, 32 және 39 жаста. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Аталған фактіге қатысты БҚО әкімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Оған нақты қызметтік автокөлік бекітілген жоқ. Ол әкімдіктің шаруашылық басқармасында кезекші жүргізуші болып жұмыс істеді. Бүгінгі таңда бұл қызметкер жұмыстан босатылды", – деді ведомство өкілі.