Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тараз тұрғыны TikTok-тағы видеосы үшін сотқа тартылды

Тараз соты жала жабу бойынша әкімшілік істі қарады. Оған TikTok әлеуметтік желісіндегі бейнеролик негіз болған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Тараз тұрғыны TikTok-тағы видеосы үшін сотқа тартылды
© Photo : Luisella Planeta Leoni

Жергілікті "Знамя труда" газеті хабарлағандай, Тараз қаласының тұрғыны өзінің TikTok парақшасында "Ұры көршілер" атты видео жариялаған. Облыс орталығының тұрғыны өзін видеодағы "жағымсыз кейіпкер" екенін білген. Бұл туралы оның достары да білген.

Ер адам жала жабу фактісі бойынша сотқа шағымданған. Кейін жәбірленуші құқықбұзушыны қудалаудан бас тартып, онымен татуласуына және медиациялық келісімге келуіне байланысты соттан әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұраған.

Осыған байланысты тиктокер әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, бірақ жала жабу бабы бойынша кінәлі деп танылды.