"Жігіттер, Саяхаттан самса жемеңдер! Тышқан жүр. Бағана "крыса" жүрген. Қарашы, не мынау?! Мына самсаны жейміз ғой біз", - дейді видеоны түсіріп тұрған жігіт.
Әлеуметтік желілерге Алматы қаласының Саяхат автовокзалындағы самса сататын дүңгіршектің видеосы тарады. Онда бір тышқанның самсаларды аралап, емін-еркін жүгіріп жүргенін көруге болады, деп жазды paryz.kz.
"Жігіттер, Саяхаттан самса жемеңдер! Тышқан жүр. Бағана "крыса" жүрген. Қарашы, не мынау?! Мына самсаны жейміз ғой біз", - дейді видеоны түсіріп тұрған жігіт.
Оны көрген Құралай есімді желі қолданушы: "Санэпидстанция не қарап жүр? Тексерулері керек қой", - десе, Гүлбарам Есенғазина деген кісі: "СЭС-тің көмейін майлап жібереді де, енді қайтып келмейтіндей. СЭС-тің де құлқыны тоймайды", - деп налыған. Ал Фатима атты әйел: "Біздің Бекшин қайда? Неге жұмыс істемейді? Керемет кеңседен шығып, тосыннан жетіп баруы керек қой. Бекшин, ау, ау!" - деп "айқайлады".