Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Өскемен әкімдігі Жаңа жыл үшін 40 миллион теңге шығындаған

Әкімдік биыл қалада жаңа жылдық демалыс алаңы сынды қосымша орындар пайда болғанын алға тартты.

Өскемен әкімдігі Жаңа жыл үшін 40 миллион теңге шығындаған

2020 жылы Өскемен қаласының көшелерін мерекелік безендіруге шамамен 40 миллион теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Ал 2019 жылы 35 миллион теңгедей болған еді, деп хабарлады paryz.kz, YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл соманың негізгі бөлігі безендіру заттарын монтаждау және қызмет көрсету, соның ішінде биік жұмыстар мен автовокзалдарды пайдалану жұмыстарына ақы төлеуге жұмсалды", – деп түсіндірді қала әкімдігі.

Сондай-ақ, әкімдік биыл қалада жаңа жылдық демалыс алаңы сынды қосымша орындар пайда болғанын алға тартты.

"Осыны ескере отырып, қаражаттың бір бөлігі жаңа жабдық сатып алуға бағытталмақ. Жаңа түстердегі гирляндалар Республика алаңы мен Арбатта қолданылады", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.