Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Баланың сусыннан уланғаны рас па?

Өнім туралы ақпарат "сәйкес келмейтін өнімдер тізімінде" ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылады.

Баланың сусыннан уланғаны рас па?
Фото: ашық дереккөз

ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде газдалған бала сусын ішкеннен кейін қайтыс болды деген ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлады paryz.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Қазнет қолданушылары белгілі педиатр Ринат Мұратовтың атынан хабарлама таратып жатыр. Онда айтылғандай, Қазақстан ауруханаларының бірінде бала "Тархун" сусынын ішкеннен кейін қайтыс болған. Тағы бір бала реанимацияда. Бұдан әрі Қазақстанда сатылатын "қауіпті" өнімдердің тізімі берілген-міс.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда тізімде жарияланған өнімдерден балалардың улану және қайтыс болу жағдайлары тіркелмеген. Оған қоса, бұл ақпарат 2019 жылы таратылған. Сонымен қатар, "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес келмейтін (оның ішінде қауіпті) өнім туралы ақпарат "сәйкес келмейтін өнімдер тізімінде" ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, комитет ресми ақпарат көздеріне ғана сену керектігін еске салып, арандатушылыққа бой алдырмауды сұрады.