Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Денсаулық сақтау министрі Жүрсін Ерманның жағдайын айтты

Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы, белгілі ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды paryz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрі Жүрсін Ерманның жағдайын айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал тұлғаның ауруханада жатқаны туралы жыршы-термеші, айтыскер ақын Дидар Қами әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен», - деп жазды Дидар Қами.

Жүрсін Ерманның денсаулық жағдайына қатысты пікір білдірген министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қазіргі сәтте ақынға тиісті ем-дом жасалып жатыр.

«Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек», - деді А. Ғиният.