Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Демалуды білеміз" деген сот төрағасы қызметінен айырылды (ВИДЕО)

Баспасөз қызметінің мәліметінше, олар бұл роликті сот жүйесіне қатысы жоқ азамат түсірген деп біледі.

"Демалуды білеміз" деген сот төрағасы қызметінен айырылды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін cудья Дінмұхамед Сейітов қызметінен босатылды, деп хабарлады paryz.kz, Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, Дінмұхамед Сейітов Кербұлақ аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылған.

"Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітов тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот қазыларының шешімі бойынша судья өкілеттігін тоқтатумен атқаратын қызметінен босатылсын", - делінген сайтта жарияланған құжатта.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық сот Facebook желісіндегі парақшасында шулы видеоға қатысты пікір білдірді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, олар бұл роликті сот жүйесіне қатысы жоқ азамат түсірген деп біледі. Сонымен қатар, бұл видеоға байланысты Бас прокуратура да пікір білдіруді ұмытпады.

"Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында саунада судья мен прокурор түсірілген ролик таралып жатыр. Осы дерек бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаменті тексеріс жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз. Оның нәтижелері көпшілікке жеткізіледі", - деді ведомство.