Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Петропавлда жүздеген отбасы Жаңа жылды далада қарсы алуы мүмкін

Тұрғындар да үйлердің уақытша берілгенінен хабардар болған...

Петропавлда жүздеген отбасы Жаңа жылды далада қарсы алуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Петропавлдық 150 отбасы Жаңа жылды көшеде қарсы ала алады, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі жалға берілетін пәтерлердің тұрғындарын тез арада тұрғын үйді босатуға міндеттеді. Тұрғындар да үйлердің уақытша берілгенінен хабардар болған. Алайда олар әкімдік тарапынан берілген 5 жылдың ішінде үй сатып аларлық қаржы жинап үлгермедік деп отыр.

Шенеуніктер 2 тұрғын үйдің 5 жыл бұрын жалға берілгендігін, әрі келісімшарт бойынша тұрғындар 2020 жылдың желтоқсанында үйді босату керек болғандығын айтады. Әкімдіктегі тізімде уақытша баспана алғысы келетін мың адам бар. Ал қазіргі тұрғындар кезекте тұрған азаматтарға кезекті беру керек. Сол себепті, жалдау мерзімін ұзарту туралы келісім болмайды.