Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шоу-бизнессіз өмір сүруге болады, бірақ...

Тығырыққа тірелгенін "жұлдыздар" түсініп, Instagram парақшаларында ұтыс ойнатып кетті.

Шоу-бизнессіз өмір сүруге болады, бірақ...
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің LIVE ақпараттық агенттігінің америкалық өкілдігі биыл наурыз айында ондаған шоу-бизнес, кино жұлдыздарының гастрольдер мен түсірілімдердің тоқтатылуына байланысты, миллиондаған доллар шығынға батқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады paryz.kz, 365info.kz-ке сілетеме жасап.

Қазақстанның мәдени қауымдастық өкілдері 16 наурыздан бастап жұмыссыз отыр. Концерттер, театр қойылымдары, мерекелік іс-шаралар тоқтады. Жақында билік театршыларды қуантып, 7 айлық үзілістен кейін санитарлық қауіпсіздіктің қатаң жағдайында театрларды ашты. Бірақ бүкіл ел бойынша емес. Дегенмен театр жағалаған халықтың қарасы мол. Осы арқылы шын өнерге деген ықыластың жоғарылағанын байқауға болады.

Әртістердің айтуынша, шоу-бизнес бәрінен қиын карантинге ұшырады. Тіпті жақында ел музыканттарының 42 500 теңге көлемінде табысты жоғалту бойынша жәрдемақыны алғанын дүйім жұрт білді. Гонорарлары миллиондаған теңге тұратын шоу-бизнес өкілдерінің осы ісі халық алдында үлкен сынға ұшырады.

Тығырыққа тірелгенін "жұлдыздар" түсініп, Instagram парақшаларында ұтыс ойнатып, жазылушылар санын көбейтумен, дүкен ашумен, шұжықтар шығарумен айналысып кетті.

Осыны байқаған халық та шоу-бизнестен гөрі жеке бастарына көңіл бөліп, табиғатта демалуды жөн санады. Бұл қалыппен пандемия біткен соң да шоу-бизнестің жұлдызы қайта жарқырайтыны қиын секілді.