Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Бекболат Тілеуханның інісі ресейлік визажиске үйленіп жатыр

Бекболат Тілеуханның туған інісі Мейрам Тілеуханның тоқалы ресейлік визажист маман, деп хабарлайды  paryz.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бекболат Тілеуханның інісі ресейлік визажиске үйленіп жатыр
фото: instagram/sofia.kleint

Әлеуметтік желідегі парақшаларын ашық ұстайтын Бекболат Тілеуханның жаңа келінінің есімі – София Кляйн-Тлеухан. Парақшасынан байқағанымыздай, ол – мәскеулік визажист әрі жолдасының фамилиясын да тіркеп қойған. Софияның жұмысына арналған парақшасы – klein_sofi_beauty.

Парақшадағы жазбаларынан көргеніміздей оның Қазақстанға қоныс аударғанына көп болмаған. 3 қазаннан бастап инстаграмм желісіндегі локациясын Алматыда белгілей бастаған. Мейрам Тілеуханды "күйеуім" деп көрсеткен. Суреттен олардың мешітке барып, некелерін қиғандығын байқаймыз.

Сондай-ақ Софияның Абай атындағы Опера балет театрына барып, жергілікті "жұлдыздармен" танысып, араласып кеткісі келетіндігі де аңғарылады.  

"Менің өмірімнің жаңа кезеңі. Ол мүле басқа болғанымен, маған қатты ұнайды. Соңғы кезде көптеген өзгерістер болды – өзге елге көштім, тіл үйреніп жатырмын, қайтадан көлік жүргізуді үйреніп жүрмін, үйдің құрылысы, тойға әзірлік, намаз үйрену, бірте-бірте исламға келе жатырмын", - деп жазды София Кляйн инстаграмм парақшасында.

Жаңа жұптың бозбала мен бойжеткендей бақытты өмірі романтика мен молшылықтан басталып жатқандай. София кешегі сторисында жатын бөлмесінен фотосурет жариялады. Онда роза гүлдерінің күлтесі есіктен төрге дейін шашылып жатыр.

Белгілі болғандай, кеше Бекболат Тілеуханның келіні болған Тоғжан Қожалы фейсбук әлеуметтік желісінде енді Тілеухандар әулетінің келіні емес екендігін айтып жазба жариялады. Қоғам белсендісі ретінде танылған Тоғжан Қожалы медиада Бекболат Тілеуханмен саяси көзқарастары келіспейтіндігі де айтылған.

Ол жазбада өзінің жақсы әйел, жақсы келін болғандығын атап өтіпті. Айтуынша, олардың бір қызы бар.

"Осы пост арқылы ерлі-зайыпты Тоғжан мен Мейрам енді бірге емес екенін жариялаймын. Енді, мен Тілеухан әулетінің келіні емеспін. Жаңа жұпқа бақыт пен жақсылық, сондай-ақ көп балалы болуын тілеймін. Ал мен бұрынғыдан да бақытты тәуелсіз өмірдің жаңа кезеңін бастадым", - деп жазды Тоғжан Қожалы.

Жаңалықты таңданыспен қабылдағанын айтқан көптеген желі қолданушылары шешімдерінің оң болуын айтып, тілек тіледі.