Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Басымызға мінуі ғана қалды»: депутат Еділ Жаңбыршин кәсіпкер Рамиль Мухоряповты сотқа бермек

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Chocofamily Holding иесі Рамиль Мухоряповтың үстінен Бас прокуратураға арыз жазады. Бұл туралы депутат өзінің ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

«Басымызға мінуі ғана қалды»: депутат Еділ Жаңбыршин кәсіпкер Рамиль Мухоряповты сотқа бермек
Фото: ашық дереккөз

Жаңбыршиннің айтуынша, кәсіпкер қазақ халқының ар-намысына тиіп, ел арасында алауыздық туғызып отыр.

«Шыдамның да шегі бар! Мухоряпов деген біреу мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жауап беруді мәдениетсіздікке жатқызыпты. Бұл – Қазақстан Республикасының Конституциясын мойындамау және қазақ халқының ар-намысына тию! Сондықтан ел арасында алауыздық туғызып, қазақтардың ар-намысын таптағаны үшін Бас Прокуратура оның үстінен қылмыстық іс қозғауы керек! Мәжіліс депутаты ретінде осыны талап етемін», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ тіліне қатысты атышулы мәлімдемесінен кейін басы дауға қалған Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряпов Instagram желісінде қазақстандықтардан кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Қазақстандықтар оның «қазақ тілінде сөйлеу – мәдениетсіздік» деген сөзінен кейін оның өнімдеріне бойкот жариялап, журналист Айбар Олжаев Алматы прокуратурасына Мухоряповтың үстінен арыз жазған болатын.