Суреттерден жігіттің жақындары мен достары тойға келіп, "жас жұбайлардың" қуанышына ортақтасқанын байқауға болады.
Қуыршаққа коронавирус салдарынан үйлене алмай келген қазақстандық бодибилдер ақыры аста-төк үйлену тойын жасады. Ол қуыршақты жары етуді бұрыннан армандап келген деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық бодибилдер Юрий Толочко осы күнге дейін коронавирус салдарынан қуыршақпен үйлену тойын кейінге шегеруге мәжбүр болып келген еді.
Юрий қуыршақпен қарым-қатынасы туралы алғаш рет 2019 жылдың мамырында жұртқа жария еткен болатын. Сондай-ақ ол Марго есімді қуыршақтың жеке Instagram парақшасын жүргізіп, онда тойға дайындық сәтімен бөлісіп отырған еді.
Бүгінде бодибилдер уәдесінде тұрып, аста-төк үйлену тойын жасаған. Юрий өз Instagram парақшасында тойдың суреттері мен видеосын жария еткен. Суреттерден жігіттің жақындары мен достары тойға келіп, "жас жұбайлардың" қуанышына ортақтасқанын байқауға болады. Суреттерді көрген желі қолданушылары той иелеріне құттықтауларын жаудырды.
"Құтты болсын. Керемет жұпсыңдар. Зор денсаулық пен сәттілік тілеймін", "Ғажайып, әдемі әрі романтикаға толы", "Мен де сен секілді өзіме әйел сатып алып, үйленгім келеді", "Керемет балаларың болсын", "Қалыңдықтың туыстары қайда", - деп жазған пікір қалдырушылар.