Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Неге әлі күнге дейін Ресейде Алматыны Алма-Ата деп атайды?

Бас Консул іс-шаралардың барлығында Алматыны өз атауымен атайтынын айтты.

Неге әлі күнге дейін Ресейде Алматыны Алма-Ата деп атайды?
Фото: inform.kz

Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров ресейлік БАҚ Алматыны неге әлі күнге дейін Алма-Ата деп атайтынын айтып берді, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Екіжақты ой болмас үшін Ресейде бұрынғы КСРО республикалары мен олардың астаналарының атауы 1995 жылы тамызда Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің қол қойған бұйрығымен бекітілген. Соған сәйкес Алма-Ата атауын пайдалану қажет. Сондықтан біз барлық ресми құжаттарда "Алма-Атаны" қолданамыз", - деп жауап берді Бобров.

Бас Консул іс-шаралардың барлығында Алматыны өз атауымен атайтынын айтты.

Бірақ Алма-Ата атауын қолданатын қазақстандықтар да бар. Соған әлеуметтік желілерде екіұшты пікір қалыптасып үлгерді. Көбіне орыстілділер Алма-Ата деп атаса, дұрыс нұсқасын қолданатындар тарихи қателікті айтпау керектігін алға тартады. Алайда Қазақстан Конституциясы бойынша 1993 жылы 8 желтоқсанда Алматы атауы қайтарылған.