Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Нұр-Сұлтан әкімдігі 80 млн теңгені желге шашпақ

Мұқтаж жандарға осындай қыруар қаржыға Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан бірнеше пәтер алып беруге болар еді деген жұрт реніштерін білдіріп жатыр.

Нұр-Сұлтан әкімдігі 80 млн теңгені желге шашпақ
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде ел астанасында 80 млн теңгеге мұз қалашықты салу шу тудырды. Себебі, бюджеттен неге сонша көп ақшаның бөлінгені түсініксіз, деп хабарлады paryz.kz, "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Осыдан 5 жыл бұрын қалада салынған бір мұз қалашығы аяқ астынан күн жылынып, еріп кеткен еді. Биыл да соның кебін киеміз, оның үстіне мұқтаж жандарға осындай қыруар қаржыға Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан бірнеше пәтер алып беруге болар еді деген жұрт реніштерін білдіріп жатыр.

Осыған орай Алматы аудандық әкімдігі: "Алматы ауданында 3 тұрғын алабында 7 мұз төбешігі мен 5 мұз айдынында 9 бірдей алаң орналасады. Әрі ауданның 3 мектебінің ауласына 3 мұз айдыны салынбақ", - деп мәлімдеді.

Бірақ бұл жұмыстарға қанша қаражат жұмсалатыны айтылмаған.