Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Атыраулық азамат төсек тартып жатқан анасына қарамай, зейнетақысын алып отырған

Атырау облысының азаматы төсек тартып жатқан анасына қарамай, зейнетақысын алып отырған. 74 жастағы қарт ана өзінің ұлымен бірге тұрады. 

Атыраулық азамат төсек тартып жатқан анасына қарамай, зейнетақысын алып отырған
фото: әлеуметтік желіден

Қарт ананың ұлы үйді шірітіп жіберген. Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Жанат Жақсыбайқызы жазба қалдырды. 

«Мына үйдің ішіне кіру мүмкін емес, сасып тұр, лоқсып әрең жүрдік. Лунараның қолында суреттер бар. Қартқа күш көрсетіліп, үстіне темекі басқанға ұқсайды. Бүгін әжені ауруханаға алып кетті. Полиция, әлеуметтік қызметкерлер мұны аяқсыз қалдырмайды деп сенеміз.​ Күтуші болып, зейнетақысы мен үкіметтен берілетін барлық көмекті алып отырған ұлға шара қолдансын. Әжейдің бүкіл денесін дәрігерлер тексеріп, анықтама берсін! Қарт ананы қарттар үйіне жатқызу керек! Егер ұрып-соққаны расталса, ұлы жазалансын! Бұл жағдайды әлеуметтік қызметкерлер білмейді! Көрші-көлемі үнсіз! Учаскелік полицей бейхабар!», - деді жазбаның авторы.