Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Петропавлда көпқабатты үй орналасқан жер сатылып кеткен

Ғайыптан пәтерінен айырылып қалу қаупі төнген адамдар барлық құзырлы орган қызметтеріне шағымданған. Бірақ еш нәтиже жоқ деседі.

Петропавлда көпқабатты үй орналасқан жер сатылып кеткен
Фото: дереккөз

Пәтер иелері оны білген бетте дабыл қаққан, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуына қарағанда, бір пысық кәсіпкер әлгі жерді сонау 2009 жылы заңды белден басып, иемденіп алған. Сатқан қалалық әкімдік қарау ма, әлде сатып алған кәсіпкер тым іскер ме, сол жағын анықтау - заң төрелігін мойындайтын саланың мойнында. Былайша қарағанда, көп қабатты үйде тұратын 90 адам меншік құқығынан айырылып қалды.

Пәтер иелері бірнеше жыл бойы салық төлеп келеді. Ғайыптан пәтерінен айырылып қалу қаупі төнген адамдар барлық құзырлы орган қызметтеріне шағымданған. Бірақ еш нәтиже жоқ деседі. Тапа тал түсте тоналғандай әсердеміз, мұның мәнісін түсіндіретін құзырлы мекеме бар ма деп мұңын шағады пәтер иелері.     

"Бұл жерге пайдалану мақсатына шектеу қойылған. Ол осында тұратын әр адамның үлесінде. Заң бойынша, көпқабатты тұрғын үй орналасқан жер мүлде сатылмауы тиіс. Бізден ешкім де сұраған жоқ", - дейді қала тұрғыны Тамара Воробьёва.