Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Қазақтарды бауыздау керек…»: Соғыстағы ресейлік сарбаз қазақтарға тіл тигізді (ВИДЕО)

“Қазақтарды бауыздау керек…” деген сөзді айтқан ресейлік сарбаздың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Мобилизацияға алынған сарбаздардың арасында өзара ұрыс шығып, ішіндегі бір сарбаз қазақтарға тіл тигізген, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Taulik.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақтарды бауыздау керек…»: Соғыстағы ресейлік сарбаз қазақтарға тіл тигізді (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Естеріңізге сала кетейік, Ресей әскерінің ішінде қазақтарда бар. Ресейлік азаматтың қазаққа тиісіп сөйлеген сөзі оларды бей-жай қалдырмады.

Видео Paranoia.kz телеграм каналына жүктелген болатын. (Ескерту: видеода балағат сөз бар)

“Егер қазақтар туралы тағы бір осындай сөз айтсаң жақсылық күтпе. Барлық қазақ халқы сендер үшін соғысып, сендер үшін қан төгіп жүр. Есіңде болсын”, деп ескерту жасалды видеода.