"Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы болып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлады paryz.kz, Қарағанды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ішінде 40 жолаушысы бар автобус Новодолинский ауылының жанындағы жолда аударылып қалған.
Оқиғаның себебі, Шахтинск қаласына қарай кетіп бара жатқан жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға болған жерден видео пайда болды. Видеода аударылып қалған автобустан жолаушылардың шығып жатқаны көрінеді.
"121-автобусты 29 жастағы жүргізуші жүргізген. Автобус жол апатынан бір қырына қарай ауып қалған. Соның кесірінен 65 жастағы зейнеткер Шахтинск қаласы орталық ауруханасына жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.