Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыда 6 жасар бала Minecraft ойынынан кейін психдиспансерге түскен

Алматыда 6 жасар бала Minecraft компьютерлік ойынын шамадан тыс көп ойнап, ауруханадан бір-ақ шықты деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда 6 жасар бала Minecraft ойынынан кейін психдиспансерге түскен
Фото: ашық дереккөз

Журналистерге бұл ақпаратты балалар психиатры Ольга Александрова айтқан.

«Баланың жасы ол кезде 6-да болатын. Ол аталған ойынды ойнап, кейін YouTube-тан сол ойынның стримін жиі көрген. Салдарынан балада қорқыныш пайда болды. Ол түнде ұйықтаудан қалған. Ойын оның шошыта бастаған. Тамақ жеуді де тоқтатқан. Соңында жүйкесі бұзылып, ата-анасы оны бізге емдеуге алып келді. Небәрі 6 жастағы бала. Біз оған медициналық көмек көрсеттік, онымен психологтар жұмыс істеді. Жүйке жүйесін қалпына келтірдік, сауығып кетті», - деді дәрігер.

Психиатр гаджеттің балаға өте зиян екенін айтып отыр. Соңғы уақытта сәбилердің тілі кеш шығып, дамуында тежеу жиілеп кеткен дейді ол. Оның бәрі осы смартфондағы ойындардың салдары көрінеді.

«Мен дәрігер ретінде ата-анаға баланы осы ойындардан шектеуге кеңес беремін. Қазір аутизмнің көбейіп кеткені айтылып жатыр. Ата-аналар балаға шақалақ кезінен бастап смартфон беріп қояды. Одан кейін бала қалай сөйлейді, егер оған ойыннан басқа ешнәрсе қызық болмаса? Ол не үшін дамиды егер оның виртуалды әлемі пайда болса? Бұл аутизм емес, бұл смартфонға деген тәуелділік», - дейді дәрігер О.Александрова.