Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда бірнеше жерден пышақ жарақатын алған әйел көз жұмды

Алматыда пышақ жарақатын алған 42 жастағы әйел ауруханада көз жұмды. Полиция күдіктіні анықтады, қазіргі таңда оны ұстау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда бірнеше жерден пышақ жарақатын алған әйел көз жұмды
фото: nur.kz

Ведомстволық медиа-порталдың мәліметінше, қылмыс 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында жасалаған. Бірнеше жерден пышақ жарақатын алған әйел қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген. Алайда 1980 жылы туған азаматша 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болған.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде", - деп жазады ведомстволық медиа-портал.

Басылым тергеу барысы ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында екенін атап өтті.