Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Директордың VIP дәретханасы». Алматыда мектепке жүргізілген тексеріс қызу талқыға түсті

Желіде Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында тексеру жүргізген видео қызу талқыға түсті.

«Директордың VIP дәретханасы». Алматыда мектепке жүргізілген тексеріс қызу талқыға түсті
Фото: ашық дереккөз

Видео авторының айтуынша, балалар етсіз тамақ ішіп жүрміз деп шағымданған. Сондай-ақ, олардың дәретханасында қол жуатын арнайы гигиеналық сусабындар жоқ. Ал мұғалімдер мен директордың дәретханалары толықтай керек заттармен қамтылған яғни VIP, әрі олардың тамақ ішетін жері де бөлек екен.
Сонымен қатар, мұғалімдерден 10 мыңнан ақша жинап үлкен лед экран алған екен. Дегенмен мұғалімдер еш қарсылықсыз келісіп алғанын айтуда. Себебі мұнда барлығы ашық сабақтарын және т.б іс-шараларын өтеді.

Пікір жазушылар екі тарапқа бөлінді, бірі қарапайым мұғалімдерді тексергенше, биліктегі ақша жеп отырғандарды қадағалаңдар десе, енді бірі дұрыс осылай жиі тексеріп отыру керек деп есептейді.