Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақсу өзенінен табылған «шетелдік студенттің мәйіті» әйелдікі болып шықты

Медициналық сараптама қорытындысының нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылған мәйіттің Үндістан елінің азаматы емес екендігі анықталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Ақсу өзенінен табылған «шетелдік студенттің мәйіті» әйелдікі болып шықты
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Түркістан облысының ТЖД мәліметінше, сараптама қортындысының нәтижесінде мүрденің әйелдікі екені анықталды. Табылған мүрденің жеке басын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

10 қазан күні сағат 13:15-те үздіксіз іздестіру жұмыстары барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір адамның мәйітін тапқан болатын. Төтенше жағдайлар департаментіне Үндістан елінің азаматтарынан басқа жоғалғандар туралы хабарлама келіп түспеген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары 3 ай бойы жүргізілді. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты, өзеннің қатты ағысы іздестіру-құтқару жұмыстарына үлкен кедергі келтірді. Сонымен қатар, құтқарушыларға таулардың тіктігінен өзен жағасына түсу мүмкіндігі қиын болды. Өзеннің тереңдігі 14 метрге жетеді, ал сүңгуірлер 11 метр тереңдікке сүңгіп, іздестіру жұмыстарын жүргізген. Құтқарушылардың табанды іздестіру жұмыстарының арқасында мәйіт су ағыны өткен тастардың арасынан табылды. Іздеу жұмыстарына 12 құтқарушы мен 2 қайық жұмылдырылған.

Аталған жайт Төлеби аудандық ПБ-де тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.