Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Бұл да қазақтың жері». Астрахандық азамат Қазақстанға келмейтінін айтты

Астрахандағы этникалық қазақ Азамат мобилизациядан кейін не себепті Қазақстанға қашпағаны жайлы айтып берді деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Халық Үні сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл да қазақтың жері». Астрахандық азамат Қазақстанға келмейтінін айтты
Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, Украинадағы соғыс екі есе қайғылы жағдайға айналған. Біріншіден, ол көрші мемлекетке қарсы агрессияны әділетсіз деп санайды. Екіншіден, белсенді қимылдар басталғаннан бері ол Астрахан қазақтарының басқа ұлт өкілдеріне қарағанда соғысуға жиі алынғанын байқапты. Ішінара мобилизациядан кейін де қазақтардың соғысқа көбірек кеткенін алға тартып отыр.

Мен әлі шақыру қағазын алған жоқпын. Мүмкін тіркелген жерде тұрып жатпағанымнан жолым болған шығар. Көптеген достарым шақыру алып, оны әртүрлі жолдармен шешіп жатыр. Біреуі бірден военкоматқа барса, біреуі анасын жібереді, ал біреулері қашып та кетіп жатыр. Көбісі, әрине, Қазақстанға кетті. Қандастарға арналған бағдарлама бойынша азаматтығын алу оңай дейді. Сол арқылы қандай да бір көмек алуға, жаңа өмір құруға болады, - дейді Азамат.

Алайда оның өзінің Қазақстанға кететін ойы жоқ екен.

Менің Қазақстанға шағымым жоқ. Жақсы ел. Мен жай ғана жергілікті, астрахандықпын. Бұл да біздің – қазақтың жері. Егер барлық жас қазақтар бұл жерден кетсе, ол әділетсіз болады.

Мұнда біздің ата-бабаларымыздың қабірлері, қарттарымыз бар. Біреу оларға қамқорлық жасау, сол жерді және оның тарихын сақтау үшін қалуы керек. Мен үшін Отан саясаткерлердің бір сәттік қиялдарынан маңыздырақ», - дейді Азамат.