Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қазақстанда қыркүйектен бері 165 мектеп карантинге жабылған

Алексей Цой оқу жылы басталғалы бері 1741 оқушы коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген. Соңғы аптада 12 өңірде кезекші сыныптарға барып жүрген 129 бала індетке шалдыққан. 

Қазақстанда қыркүйектен бері 165 мектеп карантинге жабылған
Фото: ашық дереккөз

Оқу жылы басталғалы бері республикада 165 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Бірінші қыркүйектен бері 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп карантинде. Мектепті карантинге жабудың ең аз инкубациялық кезеңі 14 күнді құрайды. Яғни, білім ошағы кемінде 14 күнге карантинге жабылады. Егер бір сыныпта бірнеше оқушы вирус жұқтырса, онда инкубациялық кезең соңғы тіркелген жағдайдан бастап саналады", - деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқу жылы басталғалы бері 1741 оқушы коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген. Соңғы аптада 12 өңірде кезекші сыныптарға барып жүрген 129 бала індетке шалдыққан.