Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қайын атасы дәмсіз тамағы үшін келінінің басын кесіп тастады

Өзбекстанның Ферғана облысында 64 жастағы ер адам жанжалдан кейін келінінің басын кесіп тастады. Бұл туралы Радио Азатлык басылымы мәлімдеді, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қайын атасы дәмсіз тамағы үшін келінінің басын кесіп тастады
Фото: 24.kz

Қайын атасы келініне “тамақты дәмді етіп дайындауды бұйырған”. Жанжал кезінде келіні қолынан келетін тамақты жасайтынын және қандай болса да, барлығы жеуі керегін айтқан. Кейін әйел есікті қатты жауып, есіктің әйнегі сынып кеткен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайын атасы келінінің бұл қылығына ашуланып, асүйде болған әйелдің желкесінен ұрған. Салдарынан келіні есінен танып қалған. Кейін таулы аймаққа алып барып, асүй пышағымен жерде жатқан келінінің “мойнынан кескен”. Басын пакетке салып, Файзобод ауылындағы “Тожиали обод” шаруашылығының аумағындағы аршаға жасырған. Ал денесін қоқысқа лақтырып жіберген

Күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Оның үстінен “Қасақана кісі өлтіру” бабымен іс қозғалған.