Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

27 мың доллар пара алған полицейге сот үкімі шықты

Сондай-ақ Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тағы бір жемқорлық іске қатысты үкімді жариялады.

27 мың доллар пара алған полицейге сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөз

Алматыда пара алды деп айыпталған тәртіп сақшысына сот үкімі шықты. Тергеуші 27 мың доллар сомасында пара алды деп танылып отыр, деп хабарлады paryz.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің бастығы Нұрлан Жақсымбетовтің хабарлауынша, Алматы қаласы Медеу аудандық соты қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 26 800 доллар пара алған ПБ тергеушісін кінәлі деп таныған. Тәртіп сақшысы Call-орталыққа хабарласқан азаматтың арызынан кейін ұсталған.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тағы бір жемқорлық іске қатысты үкім жарияланды. Жер учаскелерін заңсыз сатқаны үшін "Көкшетау " мемлекеттік табиғи ұлттық паркі" филиалының директоры сотталды. Оған 23,4 млн теңге айыппұл салынды және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сол бап бойынша ұлттық парктің қорықшысы 3 жылға бас бостандығынан шектелді.