Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Ұрып-соғып, көк бауырын езген»: Алматы облысында қайын ағасы 6 баланың анасын зорламақ болған

Алматы облысы Қарасай ауданында қайын ағасы 6 баланың анасын зорламақ болған. Кейін 35 жастағы әйелді ер адамның 23 жастағы ұлы өлімші етіп ұрып тастаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ұрып-соғып, көк бауырын езген»: Алматы облысында қайын ағасы 6 баланың анасын зорламақ болған
фото: ernur.kz

жасап. 

Президент жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Айман Омарованың сөзінше, әйелді қайын ағасы зорламақ болып, ұрып-соққан. Кейін ұрып-соғуға ер адамның ұлы да қосылыпты. 

"Қайын ағасы түнде бөлмесіне сүйреп, зорламақ болған. Әйел үйінен қашып шыққан. Ал ұлы Бекжан әйелді тепкіге алған. Салдарынан әйел көп қан жоғалтқан және көк бауырын алып тастады. Полиция тек ұлы Бекжанды ғана уақытша тергеу мекемесіне қамаққа алған. Әлі санкция болмаған. Оның әкесі А. сайраңдап жүр”, – делінген жазбада. 

Полицейлердің мәліметіне сәйкес 35 жастағы әйелдің жансақтау бөліміне жатқызылғаны туралы ақпарат 27 қыркүйекте келіп түскен. 

"Аталған факт Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде (Денсаулыққа қсақана ауыр зиян келтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.