Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Солтүстік Осетия ресейліктердің Грузияға өтуіне тосқауыл қойды

Өткізу бекетінде әскерге шақыру қағазын тарататын жедел топтар құрылған

Солтүстік Осетия ресейліктердің Грузияға өтуіне тосқауыл қойды

Солтүстік Осетия билігі «жоғары дайындық режимі» аясында Ресейден келетін автомобильдердің Грузияға өтетін жолын жапты.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Соған байланысты жарлыққа республика басшысы Сергей Меняйло қол қойды.

Жоғары дайындық режимін енгізу туралы шешім – бұл уақытша шара: жағдайды жүгенсіз жіберуге болмайды. Транзитті транспорттардың орасан көп саны, өткізу бекетіне дейінгі аралықтағы көптеген шақырымдарға созылған кезек… Тек соңғы екі тәуліктің өзінде шекараның біздегі бекетінен Грузияға 20 мыңнан астам адам өтті, – деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, өткізу бекетінде әскерге шақыру қағазын тарататын жедел топтап құрылған.

Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Ресей-Грузия шекарасының Солтүстік Осетия жеріндегі «Жоғарғы Ларс» бақылау-өткізу бекетінің Ресей жақ беткейінде Украинадағы соғысқа барудан қашқан адамдар көліктерінің16 шақырымға созылған кептелісі пайда болған. Грузин билігінің хабарлауынша, 21-27 қыркүйек аралығында елге 53 мың ресейлік азамат келген.