Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ойыншық тапаншамен қорқытып, 4 млн теңгені ұрлап кеткен

Ол бұрын сол жерде қомақты қаржысын ұттырған болып шықты. 

Ойыншық тапаншамен қорқытып, 4 млн теңгені ұрлап кеткен
polisia.kz

Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлап кеткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 30 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы ойын клубтарының бірінде қарақшылық шабуыл болғандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Клуб қызметкерінің айтуынша, осы мекеменің тұрақты клиенттерінің бірі кенеттен тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткен. Күдікті кассадағы 3,9 млн теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 34 жастағы күдікті азамат анықталды. Ол сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалғанын, оның орнын толтыру мақсатында осындай іске барғанын айтқан. Ойын жүзеге асыру үшін ойыншық тапанша сатып алған болып шықты.

Күдіктіден айғақ зат тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.