Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елдің шығысында ер адам бұрын азаматтық некеде болған әйелін орманға апарып, екі күн бойы қинап, зорлаған

Шығыс Қазақстанда ер адам 4 жыл бірге тұрған әйелін орманға апарып екі күн бойы аяусыз жәбірлеген. Осы уақыт бойы еріктілер әйелді іздеген. Ол залымның қолынан қашып үлгеріп, аман қалды, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Елдің шығысында ер адам бұрын азаматтық некеде болған әйелін орманға апарып, екі күн бойы қинап, зорлаған
фото: ашық дереккөз

Қазір Ирина ауруханада жатыр. Ол зорлық-зомбылықтан соң әзер есін жиған. Сөзінше, оны екі күн тұтқында ұстап, зорлап, буындырып, ұрып-соққан. Осылайша төрт жыл бірге тұрып, қызын бірге өсірген азаматы әйелін аяусыз мазақ еткен.

“Ол қан қысымы төмендеп, іш қуысында, кеуде қуысында бірнеше рет пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Оң жақтағы қолының екі саусағы кесілген, жарақаттары бар. Киімдерінің өзі ластанып қанға боялған. Біз әзірге ештеңе айта алмаймыз. Жағдайы ауыр”,- деді Глубоковского атындағы орталық аудандық аурухананың маманы, хирург Рашид Самарханов.

Иринаның айтуынша, ер адам оның алшақтығы үшін аяусыз кек алған. Қызын балабақшаға апарамыз деген желеумен оны көлікке отырғызуға көндірген. Ал көліктегі есік тұтқаларының барлығын ішінен ашу мүмкін болмайтындай етіп сындырған.

“Қол-аяғымды, аузымды скотчпен орап, мені алға артқа айналдыра тепті. Мен қарсыласқан сайын ол соққысын үдей түсті. Кейін тіпті пышақпен жарақаттады. Екі рет зорлады. Мен оған керек емес деп өтіндім. Бірақ ол мені аяусыз қинады”,- деді Ирина. 

Әйел әзер дегенде залымның қолынан қашып құтылған. Оны әлсіз күйінде ауыл тұрғындары тауып алған. Алайда ер адам бұл оқиғадан соң ізін суытқан. Ал Глубоковского ауданының тұрғындары мұндай қылмыскердің бостандықта жүргеніне үреймен қарауда. Өңірде мұндай жағдай бұрын орын алмағандықтан әйелдер мен балалар тысқа шығуға қорқып отыр екен. 

Дәл қазір бәрінен бұрын Иринаның туыстары үрей үстінде. Себебі ер адам жындыханада есепте тұрған көрінеді. Иринаның анасы қазір кішкентай қызды да ұрлап кетуі мүмкін деп күдіктенеді. Алайда полицейлер қылмыскерді ұстауға асықпай отырған көрінеді. 

“Ол өте қауіпті адам. Сау кезінде осындай қылмысқа барып отыр. Ол тіпті келінім мен менің үйімді өртеп жіберемін деп бопсалаған болатын. Қазір көршілеріме дейін біздің жағдайымызға алаңдаулы. Бір жағдай болса, хабарлас көмекке келуге дайынбыз деп отыр”,- деді Предгорное ауылының тұрғыны Любовь Смит.

Бұл істі полиция өз қолына алды. Олар жәбірленушіні еріктілермен бірге аудан көлемінде іздестіргендерін айтып отыр.

“Оның жоғалып кеткені туралы хабар туыстарынан келген жоқ. 28 қыркүйек күні біз күдіктінің көлігін таптық. Сотқа дейінгі тергеудің нәтижелерімен бөлісе алмаймын”,- деді Облыстық полиция департаментінің басшысының орынбасары Алмаз Түкенов.

Жәбірленушінің сөзінше кейбір ауыл тұрғындары бұл іске Иринаның өзін кінәлайды екен. Полиция қылмыстың бетін ашуға уәде етті.