Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Сүймек түгілі өліп тұрсаң да, заңды некеге тұрмай, жігітпен жатпаңдар – Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қазақ қыздарына өзінің ақыл кеңесін айтты.

Сүймек түгілі өліп тұрсаң да, заңды некеге тұрмай, жігітпен жатпаңдар – Айгүл Орынбек
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қыздар құлақ пен емес құжатпен сүйіңдер!

Соңғы бір айда оннан астам қыз көмек сұрап хабарласты. Бәрінің айтатын әңгімелері бір-біріне өте ұқсас! “Жігітпен таныстым , екіқабат болып қалдым, ол жігіт үйленген екен Айгүл ханым не істеймін?“

Қазағымның қаракөз қыздары!

Сүймек түгілі өліп тұрсаңда, заңды некеге тұрмай, жігітпен жатпаңдар!

Қымбат көлік, әдемі киімді ол өз табысына алмауы мүмкін. Байлығына қызықтым, оған сендім деген ертегіні доғарыңдар!

Бойында қазақ деген қаны, намысы бар, есі дұрыс ер азамат, сені бүлдірмей алады!

Қыздар қәзір жігіттердің сөзіне сенетін заман емес, құжатқа және өзіңе сенетін заман!

Қәзір қыздарды екіқабат қылып тастап кетіп жатқан жігіттер көп!

Жауапкершілік деген мүлдем жоқ. Ал өмірге әкелген балаға сендер жауапты боласыңдар!

“Ол әкесі жауапкершілікті алсын”, деп уақыт өткен соң, заңды білгіш болып айқайлаудың қажеті жоқ!

Жауапкершілігі бар адам о баста қызды алдап бүлдіріп, екіқабат қылып тастап кетпейтін еді.

Жауапкершілігі жоқ ез болған соң, сондай пасық, наданның тірлігін істейді!

Ал наданның артынан жүгіріп, “мені ал”, — деп жүйкеңді тоздырғанша, құрсағыңдағы сәбиді қолыңа алып жаңа өмір баста!

Сөздері сұйылған, жауапкершілігі жоқ ер азаматтар көбейген сайын, көздері жәудіреген жетімдер көбейеді!», — деп жазды Айгүл Орынбек.