Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Күйеуі соғысқа кететінін білген әйел 4 жасар қызын пышақтап өлтірді

Ресейде күйеуі мобилизация бойынша соғысқа кететін білген әйел ашумен өзінің 4 жасар қызын пышақтап өлдірді.

Күйеуі соғысқа кететінін білген әйел 4 жасар қызын пышақтап өлтірді
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «Mirror» газеті хабарлады.

Отбасындағы жанжалды күйеуінің Ресей президенті Владимир Путиннің ішінара мобилизациясы бойынша әскерге баратынын естіген әйел тудырған. Ол осыны білген кезде ұрыс шығарып, ашуы үстінде 4 жасар қызын пышақтап тастаған. Содан кейін өзін өзі өлтіруге әрекет жасаған. Бірақ оның өмірін Пермь қаласындағы аурухананың дәрігерлері сақтап қалған.

Бұрын Ресей армиясының әуе-десант барлауында қызмет еткен 29 жастағы Рамин Алиев 21 қыркүйекте Владимир Путин 300 мың резервшілерді Украинадағы соғысқа алу жөнінде жарлық шығарған күні шақыру алған.

Мұны естіген әйел ұрыс-керіс шығарған. Оны күйеуінің соғысқа баратыны жындандырып жіберген.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу болып жатыр.

Соған қарамастан десантшы жігіт армия қатарынан алынған.