Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шымкентте күйеуімен жанжалдасқан келіншек өз-өзіне қол салмақшы болды

Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Шымкентте күйеуімен жанжалдасқан келіншек өз-өзіне қол салмақшы болды
Фото: stan.kz

Кеше, кешкі сағат 18:04 шамасында Шымкент қаласы ПД ЖБО-ның инспекторы полиция капитаны Дархан Құлмырзаев мегаполис жолдарындағы тәртіпті бақылай отырып, Қонаев даңғылы мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында орналасқан "Сергек" камералары арқылы құбыр үстінде жүрген бір әйелді байқады. Ол өзін биіктіктен тастауға тырысады.

Бұл туралы тәртіп сақшысы жедел түрде патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады. Шақыру бойынша бірінші болып ППП 3 рота командирінің орынбасары аға лейтенант Табиғат Жақсыбектегі келді.

Тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпай, құбырға көтеріліп, әйелді қауіпсіз жерге алып шықты. Содан кейін, мән-жайды анықтау мақсатында Әл-Фараби АПБ-на жеткізді.

Белгілі болғандай, 30 жастағы қала тұрғыны күйеуімен екі бала тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын ол жұбайымен ұрысып, өзін-өзі өлтіруді шешкен.

Әйел мен туыстары полицияға оны асығыс қадамнан құтқарғаны үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Шымкент полициясы тұрғындардан бір-біріне мұқият әрі қамқор болуды сұрайды. Ал, психологиялық проблемалар туындаған жағдайда өмірмен есеп айырысуға емес, арнайы мамандармен байланысып дұрыс шешім қабылдауға шақырады.