Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Танымал жандар бұғының қанымен "денсаулықтарын дұрыстап" жүр

"Бұғының қаны ерлердің жыныстық белсенділігін арттырады, босанған әйелдердің жатырын тарылтады", - дейді журналист Жылқышыбай Нұрсейіт. 

Танымал жандар бұғының қанымен "денсаулықтарын дұрыстап" жүр
Фото: дереккөз

Бұғы қанымен емдеу Қытайдан бастау алған. Бұғы қаны қосылған панто ванналар гипертониялық сырқаттарға, жүйке жүйесі, остеохондроз, радикулит, жүрек пен қан тамырлары сынды талай ауруға ем. Елімізде соңғы жылдары бұғы қанымен емдеу әдісі кең тарады. Бұл ем түрі қарапайым тұрғындардан бастап, танымал жандар арасында сұраныста, деп хабарлады Stan.kz.

Бұғының мүйізімен емдеу ХVІІІ ғасырдың аяғында пайда болған және бұл ем түрі бүгінге дейін жалғасын тапты. Бұғы мүйізін пайдалану бізге ХХ ғасырдың 30-50-жылдарында Қытайдан келді.

Бұғы қаны қосылған панто ванналардың денсаулыққа оң әсері жайлы көп айтылып жүр. Тіпті, бұғының етін жеп, бетке массаж жасатады. Аталған ем түрін Халық әртісі Роза Рымбаева да қабылдап, өзгелерге кеңес берді. 

"Мен бүгін Аламан панто ваннасын қабылдауға келдім. Карантин, коронавирус кезінде иммунитетті көтеріп, денсаулықты жақсарту үшін панто ваннаны қабылдаңыздар. Қатонқарағайға бармай-ақ, Алматының тең ортасында ем алуға болады. Жақсы ем алуға кеңес беремін", - деді Роза Қуанышқызы. 

Журналист Жылқышыбай Нұрсейіт те осы ем түрінің денсаулыққа пайдалы екенін айтады. 

"Аламан панто ваннасы денсаулыққа пайдалы. Ұлан байтақ даламызды сақтап қалу үшін ерлеріміздің де, әйелдеріміздің де денсаулығы мықты болу керек. Бұрын сексенге, тоқсанға келіп бала таптыратын ерлеріміз болған. Қазір ат үстінде жүрген ешкім жоқ. Бұрынғыдай белсенділік жоқ. Бұғының қаны ерлердің жыныстық белсенділігін арттырады, босанған әйелдердің жатырын тарылтады. Ваннаға келген адамдар бұғы етін жеп, бетке массаж жасайды. Ем алған соң әсерін байқай аласыз", - дейді ол.