Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Қызды ұрып-соғып, алып қашты»: Шымкент полициясы желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

Шымкентте 22 қыркүйекке қараған түні белгісіз біреулер қызды көлікке отырғызып, алып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, ер адам жәбірленушіні соққыға жыққан. Полиция мәліметінше, бұл куәгерлер топшылағандай, қыз алып қашу емес, ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжал, деп хабарлайды paryz.kz ақпaрат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қызды ұрып-соғып, алып қашты»: Шымкент полициясы желідегі видеоға қатысты пікір білдірді
Фото: stan.kz

Куәгерлердің сөзінше, оқиға Абай ауданының 4-ші шағын ауданында болған. Полиция шақырғанымен, тәртіп сақшылары жәбірленушіні алып кеткен соң ғана келіпті.

"Қызды жерге құлатып, ұрып-соғып, содан кейін мәжбүрлеп көлікке отырғызды. Кейін белгісіз бағытта кетіп қалды. Көршілердің бірі полиция қызметкерлерін шақырды, бірақ олар жәбірленушіні алып кеткен кезде ғана келді. Біз қазір бұл қыздың кім екенін әлі білмейміз. Полиция біздің сұрақтарымызға жауап бермейді", – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Stan.kz тілшісінің сұрауына жауап берген Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі мұның ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал екенін мәлімдеді. 

"Оқиға бойынша ешқандай адам ұрлау фактісі 102 арнасына түспеген және ерлі-зайыптылар тарапынан арыз-шағымдар келтірілмеген. Көрсетілген азаматтарға профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, орын алған отбасылық жанжал бойынша қорғау нұсқамасы шығарылды", –  делінген хабарламада.