Соңғы уақытта Бекболат Тілеуханның әр қадамы қоғамның сынына ұшыраса, енді экс-депутаттың әйелі де елдің аузында. Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың бірге түскен суретін халық қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап.
Бекболат Тілеухан өз сұхбаттарында бірнеше әйелінен 14 баласы барын ашық айтқан еді. Таяуда экс-депутат Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы — Бекланның Түркиядағы үйлену тойында жас келіншегімен көпшілік көзіне түсті. Аталған дүбірлі шарадағы ерлі-зайыптылардың естелік суреті дәл қазір желіге тарап кеткен. Тілеуханның хиджаптағы жас әйелін алғаш көрген жұрт жақтырта қоймаса керек, түрлі пікір жазып жатыр.
"Бекболаттың әйелі бар бояуды жағып, сұр жылан болып тұр ғой", "Бекболаттың нешінші әйелі?", "Бекболат ағаның әйелі басқа еді ғой. Осы концертте қасында отыратын еді", "Бірнеше әйелі бар", — деп жазды желідегі жұрт.