Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақтауда жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар ұсталды

Ақтауда "есірткі жасырмақ болғандарды" ұрып-соққан үш жігіт ұсталды.

Ақтауда жас жігітті аяусыз соққыға жыққандар ұсталды

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтауда белгісіз біреулер "есірткі сатады" деген күдіктіні ұстап алып, соққыға жыққан видео тараған болатын.

Бейнежазбада жігіттердің бірі "мен жасырып қойған жоқпын" дейді. Алайда жігіттердің бірі оны қолдан жасалған сойылмен ұрып, кешірім сұратады. Ал басқа видеода битамен ұрған.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Сондай-ақ, қазір жәбірленушілер мен 16 және 21 жастағы үш күдіктінің жеке басы анықталды. Екі адам Ақтау қаласы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы біреуі іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады полицияда.

Құқық қорғау органдары екі оқиғаның әртүрлі уақытта болғанын анықтады.