Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Сатып кеттіңдер Елбасыны!». Жаңа Қазақстанның ескі шенеуніктері сынға ұшырады

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай өзінің Facebook-тегі парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі.

«Сатып кеттіңдер Елбасыны!». Жаңа Қазақстанның ескі шенеуніктері сынға ұшырады
коллаж: Paryz.kz

Оның айтуынша, ұлтымызды дүние жүзіне мәшһүр еткен жердің киесі бар, құты бар.

Кезінде тұңғыш Президент ұсынған атауды қайтаруға байланысты заңды шешім қабылданды. Елімізге қайырлы болған әсем де асқақ бас қаламыздың маңызы одан кеміп қалмас. Ұлтымызды дүние жүзіне мәшһүр еткен жердің киесі бар, құты бар. Соны аялап, ардақтаған халқымыз тек елордасының ғана емес, әрбір сүйем жерінің қадірін біледі, - деп жазды ол. 

Сондай-ақ ол кеше ғана Елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII сьезіне қатысушылардың да осындай тұжырымға келуі - еліміз үшін үлкен абырой, баға жетпес бедел екенін атап өтті.

Депутаттың бұл пікірін желі қолданушылардың бірі қолдаса, енді бірі қарсы ұстаным танытып жатты. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында билік барда оның жанынан табылуға тырысқан Дархан Мыңбай сияқты шен-шекпенділердің жеме-жемге келгенде теріс айнала қойғаны ерсі көрінген.