Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Көкшетауда ерлі-зайыпты қарияларды өлтірген қарақшы 25 жылға сотталды

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Көкшетауда ерлі-зайыпты қарияларды өлтірген қарақшы 25 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда ерлі-зайыпты қарияларды аса қатыгездікпен өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады paryz.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті Вадим Достов 25 жылға сотталды.

«Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 191, 24, 188, 192, 99 және 287-баптары бойынша кінәлі деп танылды. Енді ол алдағы 25 жылын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өткізетін болады. Вадим Достовтың әркетінде қылмыстардың қайталану қаупі бар деп танылды. Сонымен бірге, одан зардап шеккен тарапқа 20 миллион теңге сомасында моральдық өтемақы өндіріліп алынды», - деді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Көкшетау қаласында ерлі-зайыпты қарияларды өз пәтерінде белгісіз біреу аса қатыгездікпен өлтіріп, тонап кеткен еді. Полиция көп ұзамай күдіктіні ұстаған болатын.