Биыл Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.
2020 жылдың басынан бері 12 мыңға жуық этникалық қазақ отанына оралды деп хабарлады paryz.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды», - делінген хабарламада.
Онда атап өтілгендей, биыл Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.
«Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды. 10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6%-ды және зейнеткерлер 10,5%-ды құрайды», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.