Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстандықтардың нақты табысы азайып барады

Қазақстандықтардың нақты табысы төмендеп барады, деп хабарлайды paryz ақпараттық  агенттігі LS-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың нақты табысы азайып барады
Фото: stan.kz

Статистика бюросының алдын ала келтірген деректері бойынша, жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай кірістер 2022 жылғы тамызда 146 567 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы аймен салыстырғанда 11,9%-ға өсті. Сонымен қатар, осы кезеңдегі қазақстандықтардың нақты ақшалай табыстары 2,7%-ға төмендеген.

Тамыз айында жұмыссыздар саны 451,2 мың адамды құрады (4,9%). Жұмыспен қамту мекемелеріне 2022 жылдың тамыз айының соңында 252,7 мың адам (2,7%) тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында азық-түлік тауарлары жылына 20,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15,5%-ға, қызмет көрсету 10,1%-ға қымбаттады.