Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әйел ер адам болып киініп, туыстарының әшекейін ұрлап кеткен

Ұрланған әшекейлерді ломбардқа 370 мың теңгеге өткізіп жіберген.

Әйел ер адам болып киініп, туыстарының әшекейін ұрлап кеткен
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтанда әйел адам ер адам болып киініп, туыстарының үйіне кіріп, әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 39 жастағы әйел адам туыстары отбасымен үйде болмайтынын алдын ала білген. Сөйтіп үйдің кілтінің тағы біреуін жасап алған.

Пәтерге кірер алдында бақылау камерасына түсіп қалмауды ойластырған. Оны ешкім танымауы үшін әйел адам ер адам болып киініп, жүрісін өзгерткен.  

"Туыстары қонаққа кетіп қалған кезде әйел адам ер адамның күртешесі мен бас киімін киіп, басқа киімдерін пакетке салып алған. Ер адам секілді жүріп, үйге қосымша кілт арқылы кірген. Әйел адам жалпы сомасы бір миллион теңге болатын әшекей бұйымдарды алып кеткен", - дейді полиция өкілдері. 

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті сыртқа шығып, киімін ауыстырып, ер адамның күртешесін лақтырып жіберген. Ұрланған әшекейлерді ломбардқа 370 мың теңгеге өткізіп жіберген. Үйге келіп, әшекейлерінің жоғалғанын көрген туыстары полицияға шағымданған. 

"Жедел-тергеу шарасы кезінде күдікті ұсталып, әйел адам істеген әрекетін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алтын бұйымдар тәркіленді", - деді ПД өкілдері.