Куәгерлер оларды видеоға түсіріп алған.
Белгісіз біреулер Қостанайдағы қараусыз қалған зираттың қоршауын қиратпақ болды деп хабарлады Tengrinews.kz.
Желіде тараған видео қызу талқыға түсті. Куәгерлер қоршауды қиратпақ болған үш ер адамды видеоға түсіріп алған. Оқиға қала ішіндегі қараусыз қалған зират жақта болған.
Полиция өкілдері бұл дерек бойынша тексеріс жүргізді. Жергілікті тұрғындар және видео авторы атынан ешқандай шағым түспеген. Қоршау өз орнында тұр.
"Тексеріс кезінде ер адамдардың кім екені анықталды. Үшеуі де облыс орталығының тұрғыны. Ер адамдармен жұмыс жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Полиция департаментінің өкілдері.