Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алты жыл кездескен ғашықтар ағасы мен қарындасы боп шықты

Америкада 6 жыл бойы кездескен ғашықтар туған ағасы мен қарындасы болып шықты. Олар бұл жайтты тек ДНК тестін тапсырғанда бір-ақ білген, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алты жыл кездескен ғашықтар ағасы мен қарындасы боп шықты
Фото: pixabay.com

30 жастағы әйелдің айтуынша, оны қазіргі отбасы асырап алған. Жігітінің де асыранды екенін білген. Бұл жағдай олардың арасын жақындата түсіп, 6 жылдан кейін отбасы болуды жоспарлайды.

Олар болашаққа жоспар құрмас бұрын шыққан тегін білу мақсатында ДНК тестін тапсырған. Тест нәтижесі олар үшін күтпеген жайттың бетін ашты.

"Бізді ел бір-бірімізге қатты ұқсататын. Мен оны алғаш көргенде әлдебір жақындықты сездім. Екеуіміз бірден тіл табысып кеттік. Бір-бірімізді сөзсіз ұғатынбыз. Сөйтсем, мұның бәрі біздің туған бауыр болғандығымыздан екен", - деді ағынан жарылған әйел.

Алты жыл ішінде олар бақытты өмір сүрген. Бір-бірін ата анасымен таныстырып, болашақ тойының күнін де белгілеген. Бірақ балалы болуға асықпаған.

"Біздің бала жоспарламағанымыз дұрыс шешім болыпты", - дейді ол. Қазіргі уақытта ғашықтар қайтадан тест тапсырған. Олар ДНК тестінің алғашқы нәтижесі қате екенінен үмітті.