Минск қаласында керемет той өтті. Белорус азаматтары егіз бауырлар егіз қазақ қыздарына үйленді.
Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Неке қию рәсімін АХАЖ органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің республикалық байқау-конкурсының қатысушылары өткізді.
Жастар өз махаббатарын Белорусь жерінде тапқан. Қыздар Белоруссия медициналық университетіне оқуға түсіп, кейін жұмыс істеуге қалған.
Сергей ауруханада Меруертпен танысса, ал отбасылық кеште Александр Венераны кездестірген.