Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ақселеу Сейдімбекке қойылған ұсқынсыз ескерткішке қатысты Ұлытау облысының әкімдігі түсінік берді

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали Жаңаарқа ауданында жазушы Ақселеу Сейдімбекке қойылған ескерткіш жайында пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Ақселеу Сейдімбекке қойылған ұсқынсыз ескерткішке қатысты Ұлытау облысының әкімдігі түсінік берді
Фото: ашық дереккөзі

Желіде Ақселеу Сейдімбекке қойылған ескерткіш қызу талқыланып жатыр. Жұртшылық жазушы, әдебиет зерттеушісі, этнограф Ақселеу Сейдімбекке қойылған ескерткіштің көркемдік жағы сын көтермейтінін жарыса жазған. Желі қолданушылары «таяғы тізесінен келеді», «аяғын жеп қойыпты», «Ұят екен, мазақ қой» деген сияқты пікірлерін жазған.

Ұлытау облыстық әкімдігі болса жұрттың шамына тиген ескерткіш демеушілер қаржысына тұрғызылғанын және оған облыстық әкімдік араласпағанын алға тартып отыр.

«Біріншіден, ескерткіш не облыстық, не республикалық комиссияның қарауынан өткен жоқ! Яғни, бірде-бір құзырлы мемлекеттік орган оны мақұлдаған жоқ. Дегенмен, эскизі ауызша түрде аудан әкімімен келісілген болатын. Екіншіден, ескерткішті жасап, орнатуға бюджеттен бір теңге де жұмсалмаған. Толығымын демеушілердің қаржысына істелген. Үшіншіден, және ең бастысы, ескерткішті жасауға тапсырысты Ақселеу ақсақалдың туған-туыстары жасады. Облыс әкімдігі бұған араласқан жоқ», - деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали.

Сонымен қатар ол бұл мәселемен аудан болып, облыс болып айналысып, орын алған олқылықты түзетеміз деп көрсетті.